Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Православ күнтізбесі бойынша Масленица мерекесі басталды

Фото: freepik.com
16 ақпаннан бастап православ күнтізбесі бойынша Масленица мерекесі басталды. Масленица бір апта бойы тойланады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл – шығыс славян халықтарының көктемді қарсы алуға арналған ежелгі дәстүрлі мерекесі. Аптаның алғашқы күндері адамдар бір-бірімен көрісіп, қонаққа барып, түрлі ойын-сауық ұйымдастырады. Жастар бір-бірін қонаққа шақырып, көңілді кештер өткізеді.

Мерекенің ең басты дәстүрінің бірі – құймақ пісіру. Славяндар алтын түсті, күнге ұқсайтын дөңгелек құймақ пісіріп, көктемді, жылулықты шақырады. Адамдар бір-бірімен кешірім сұрап, өткен реніштерін ұмытып, татуласады.

Апта соңында сабаннан жасалған «қарауыл» өртеліп, қыспен қоштасу рәсімі өтеді. Ал 23 ақпаннан бастап православ дәстүріндегі Ұлы Ораза басталады. Ол жеті аптаға созылып, христиандардың басты мерекесі – Пасхамен аяқталады.

Еске салайық, биыл мұсылмандардың Рамазан айы 19 ақпанда басталады. 

Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түніне сәйкес келеді. Ораза айт 20 наурызда, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырда атап өтіледі. Пітір садақасы екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді.