Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жұмысшы
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты көше жабылады

Алматыда Бекмаханов көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, 14 мамыр сағат 23:00-ден 15 мамыр сағат 06:00-ге дейін Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесі бойымен Лавренев көшесінен Qazaq Energy Charge жанармай құю станциясына бұрылысқа дейінгі аралықта қозғалыс екі бағытта да жабылады.

Шектеу асфальт жабынының шөгуіне байланысты жолдың асфальт-бетон қабатын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, маршруттарын алдын ала жоспарлау және балама бағыттарды пайдалану сұралды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram