Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі биылғы пітір садақа мөлшерін ресми жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҚМДБ төралқа мәжілісінде пітір садақасы Қазақстан бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді.
Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал 19 наурыз – соңғы күні.
Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы ораза кестесі жариялады.
