Алматыда әл-Фараби даңғылы уақытша жабылады

Алматыда Winter Run 2024 қалалық қысқы cпорттық жарысының өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылы жабылатын болды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Іс-шара 25 ақпанда өтеді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін 07.50-ден 10.45-ке дейін, 08.30-дан 10.30-ға дейін әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс жабылады.

Бұл ретте әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Сонымен қатар әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі Батыс Желтоқсан көшесінің учаскесі сағат 04.00-ден 12.00-ге дейін жабылады.

Жарысқа байланысты 18 бағыттың қозғалысы сағат 06.00-ден 11.00-ге дейін уақытша өзгереді:

№15 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі–Өтепов көшесі-Розыбақиев көшесі-әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№30 — солтүстік бағытта – Жароков көшесі–Өтепов көшесі-Гагарин даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№31 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі–Өтепов көшесі-Гагарин даңғылы-бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№ 32 – оңтүстік бағытта – Науаи көшесі-әл-Фараби даңғылы-Мұстафин көшесі, соңғы пунктті «Орбита – 2» ш/а, кері бағытта–«Орбита ш/а» КП-дан қозғалыстың басталуы – Мұстафин көшесі-әрі қарай сызба бойынша;

№34 – оңтүстік бағытта – Мұстафин көшесі-әл-Фараби даңғылы айналма жолының алдындағы бұрылыс — КП «Орбита — 2» ш/а, кері бағытта-КП «Орбита-2» ш/а ауданынан қозғалыстың басталуы — Мұстафин көшесі — әрі қарай сызба бойынша;

№ 38 — Батыс бағытта – әл-Фараби даңғылы-Достық даңғылы-Сәтпаев көшесі — Жандосов көшесі-Розыбақиев көшесі-әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№45 – Оңтүстік бағытта — Достық даңғылы-Қажымұқан көшесі-Назарбаев даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№62 — Батыс бағытта – әл-Фараби даңғылы-Достық даңғылы-Абай даңғылы-бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№63 – оңтүстік бағытта — Назарбаев даңғылы — Сәтпаев көшесі — Жандосов көшесі — Розыбақиев көшесі — әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша;

№67 — солтүстік бағытта – Жароков көшесі–Өтепов көшесі-Розыбақиев көшесі-әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;

№77 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі–Өтепов көшесі-Розыбақиев көшесі — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№86 – оңтүстік бағытта — Назарбаев даңғылы-Сәтпаев көшесі-Жандосов көшесі — Розыбақиев көшесі-әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№101 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі–Өтепов көшесі-Розыбақиев көшесі — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№103 — оңтүстік бағытта — Мұстафин көшесі-әл-Фараби даңғылы айналма жолының алдындағы бұрылыс-КП-ны «Орбита-2» ш/а, кері бағытта-КП «Орбита-2» ш/а қозғалыстың басталуы–Мұстафин көшесі — әрі қарай сызба бойынша;

№116 — солтүстік бағытта – әл-Фараби даңғылы-Жароков көшесі-Өтепов көшесі — Гагарин даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;

№127 – оңтүстік бағытта — Назарбаев даңғылы-Сәтпаев көшесі-Жандосов көшесі — Жароков көшесі — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

№135 — оңтүстік бағытта – Науаи көшесі-әл-Фараби даңғылы-Мұстафин көшесі-КП «Орбита-2» ш/а, кері бағытта — КП «Орбита-2» ш/а қозғалыс басталады –

Мұстафин көшесі — әрі қарай сызба бойынша;

№ 211 — оңтүстік бағытта — Сейфуллин даңғылы-Тимирязев көшесі-Розыбақиев көшесі-әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз.