Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы шұңқыр халықты шошытты

Не болды?

Әл-Фараби даңғылында көгал жанындағы автосуару жүйесінің қасында үлкен шұңқыр пайда болды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Видеода көгал жанында, автосуару жүйесінің қасында үлкен шұңқыр көрініп тұр. Вижеоға түсірген тұрғынның айтуынша, жер ойылып, топырақ жабыны тереңге құлап кеткен.

Тұрғындар жолдың зақымдануы ұлғайып, жол бөлігіне әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді. Олар коммунал қызметтерден мәселені тез арада шешуді сұрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда қатты жауыннан жол шұңқырланып, 13 көлік зақымданған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да