Әлеуметтік желіде Шымкентте 4-класс оқушысының қаза болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 10 жастағы баланы аула сыпырушылар тауып, жедел жәрдем шақырған. Алайда оны құтқару мүмкін болмаған.
Қала әкімдігі мәліметті растады. Қайғылы оқиға ауа райының қолайсыздығынан болған.
Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қайғылы жағдайға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, – делінген хабарламада.
Жергілікті билік қара жамылған отбасыға барлық қажет қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Айта кетейік, өткен түні Шымкентте қалың қар жауған. Соның салдарынан қалада ағаштар құлап, кей ауданда электр желілері үзілген.
