inDrive
Фото: inDrive
Азық-түлікті 15 минутта жеткізетін inDrive.Азық-түлік сервисі дайын тағамдардың ауқымды өндірісін іске қосты.

Енді inDrive.Азық-түлік қолданушылары күнделікті тұтынуға арналған дәмді дайын тағамдарға тапсырыс бере алады. Тағамдар консерванттар мен өзге де қоспаларсыз, компанияның өзіне тиесілі ас үй фабрикасында әзірленеді, ал ас мәзірінде – салаттардан бастап манты мен басқа да ыстық тағамдарға дейін – 50-ден астам тағам ұсынылған.

манты, асхана, тамақ
Фото: inDrive

Заманауи ас үй фабрикасы Алматы қаласында тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істейді және шикізатты сатып алудан бастап, дайын тағамды қаптауға дейінгі өндірістің толық циклін қамтиды. Өндірістің негізгі ассортиментін күнделікті тұтынуға арналған ыстық тағамдар мен салаттар құрайды. Барлық тағам консерванттарды қолданбай, балғындығын сақтауға мүмкіндік беретін арнайы технология бойынша — газдық ортада қапталады. 

Қазақстан — көпұлтты, гастрономиялық мәдениеті бай ел. Сондықтан ассортиментті қалыптастыру барысында біз осы жергілікті ерекшеліктерді саналы түрде негізге алдық. Бүгінде inDrive.Азық-түлікте винегрет пен түрлі салаттардан бастап, манты, шницель және әртүрлі отбасыларға үйреншікті, таныс өзге де ыстық тағамдарды қоса алғанда, 55 түрлі тағам ұсынылады, – деп қосты inDrive жылдам жеткізу қызметтерінің директоры Нүркен Рзалиев.

inDrive
Фото: inDrive

Ас үй фабрикасының жұмыс жүйесі нақты қалыптасқан және шартты түрде деңгейлес құрылым мен сатылы құрылымға бөлінеді. Деңгейлес құрылым «станциялар» деп аталатын жеке бөлімшелерден тұрады. Оларға өнім қабылдау станциясы, салқын тағамдар станциясы, қамыр түю станциясы, ыстық тағамдар станциясы және басқа да бағыттар кіреді. Әрбір станцияның жұмысына сол бағытқа жауапты қызметкер бекітілген. 

Келесі жылдың соңына қарай тәулігіне 10 мың порцияға дейін өнім өндіруді және ассортиментті 120-дан астам тағамға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бізде аспаздық цехтарда да, мейрамхана саласында да тәжірибесі бар кәсіби мамандардан құралған ұйымшыл команда бар. Бұл клиенттерімізге мейрамхана деңгейіндегі, бағасы баршаға қолжетімді тағамдарды ұсынуға мүмкіндік береді, – деп қосты «Рядом by inDrive» СТМ директоры Наталья Тян.  

inDrive
Фото: inDrive

Дайын тағамға inDrive қолданбасының «Азық-түлік» бөлімінде тапсырыс беруге болады. Қазіргі уақытта сауда маркасының өнімдері Алматы тұрғындары үшін қолжетімді, алайда жақын арада сервис Астанада да жұмыс істей бастауды жоспарлап отыр.