Алматы облысында бір отбасының 4 адамы қаза болды

Алматы облысында бір отбасының төрт мүшесі қаза болды. Қайғылы жағдай Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыстауда тұрып жатқан 71 және 52 жастағы екі ер адам, 42 жастағы әйел мен бір жарым жастағы бала қаза болған. Марқұмдардың туыстары олармен екі күн бойы байланыса алмаған. Осыдан кейін жақындары қыстауға барып, үйден төрт адамның мәйітін тапқан. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр, — делінген Qonaev Media телеарнасының хабарламасында.

Барлық мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.