Қазақстанда 50 жастан бастап зейнетке шығуға болады

Не болды?

Елімізде денсаулыққа зиян еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтар 50 жаста зейнетке шыға алады. Бұл туралы Baribar.kz  хабарлап отыр.

Мәлімет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, денсаулыққа зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың 50 жастан бастап аннуитеттік зейнетақы алу мүмкіндігі бар.

Аннуитеттік зинетақының ерекшелігі – зейнетақы өмір бойы төленеді және жинақ сомасына қарамастан, үзілмей төлене береді. Ерлер 55 жастан, әйелдер 53 жастан бастап аннуитет шартын жасай алады. Алайда есепшотына кемі бес жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы аударылған азаматтар 50 жастан бастап аннуитеттік зейнетақы алуға құқылы.

Былтыр сақтандыруға 2,7 миллиард теңге төленген

2025 жылы «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы 35 мыңнан астам адамға зейнетақы төлеген. Жалпы сақтандыруға төленген сома – 2,7 миллиард теңгеден асқан.

Төлем жүзеге асқан бағыттар:

  • өндірісте жарақат алғаннан кейін медицина шығынын өтеу;
  • өндірісте жарақат алып, мүгедек болып қалған адамдарға аннуитеттік төлем;
  • қайтыс болған қызметкерлердің отбасысына жәрдемақы;
  • денсаулыққа зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге ерте зейнетақы төлеу;
  • өндірісте зардап шегіп, қаза болған адамның жерлеу шығынын өтеу.

Осы уаққа дейін жалпы 3,7 мың келісімшарт жасалған.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтырғы қорытынды бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болған еді. 2026 жылы кепілді зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін бюджеттен 6 триллион 783 миллиард теңге бөлінеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да