Салтанат Нүкенованың өлімі: сот сараптамасының нәтижесі қашан шығады?

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша түсініктеме берді. 

Марат Қожаев қылмыстық іс бойынша тергеушілер не себепті ауысып жатқанын түсіндірді.

Бірінші күні оқиға орнына арнайы тергеу тобы шығады, олар кезекші топ. Ал ертеңгі күні алдын ала тергеу басқа маманға тапсырылады. Ол адамның қасында тағы бірнеше тергеуші болады. Бір тергеуші емес, топ болып тергеуі мүмкін. Тергеушілердің ауысуына қатысты әңгімелер осыдан тарап жатқан шығар, — деді Марат Қожаев сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бір айдан кейін шығуы керек. Сот-сараптамасы кезінде Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты да анықталады.