Жетісу мен Алматы облыстарында жер сілкінді

2026 жылғы 5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:42-де жер сілкінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан. Сейсмикалық тербелістер Жетісу және Алматы облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілді.

Атап айтқанда, Жаркент, Текелі, Жансүгіров, Сарқанд қалаларында жер сілкінісінің күші 3 балға дейін жеткен. Талдықорған, Қарабұлақ, Балпық би, Үштөбе, Чунджа, Шелек және өзге де елді мекендерде 2 балдық тербеліс байқалды.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да