Талдықорғанда әке 3 жасар қызын ұрып, ауруханаға түсірді

Талдықорғанда отбасындағы зорлық-зомбылық дерегі тіркелді. Ер адам өзінің үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы ер адам отбасылық жанжал кезінде 30 жастағы жұбайын және кәмелетке толмаған қызын ұрған. Оқиға барысында отбасындағы екінші бала — екі жастағы ұл зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта екі бала да анасымен бірге дәрігерлердің бақылауында.

Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген ПД хабарламасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да