Қысқы олимпиада: жарыс кестесі белгілі болды

XXV қысқы олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Дампеццо қалаларында өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Туризм және спорт министрлігі отандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. 

Жарыс кестесі:

7 ақпан:

  • 17:00 – Шаңғы жарысы (скиатлон), әйелдер;

  • 20:00 – Конькимен жүгіру (3000 м), әйелдер.

8 ақпан:

  • 17:00 – Шаңғы жарысы (скиатлон), ерлер;

  • 20:00 – Биатлон (аралас эстафета).

9 ақпан:

  • 21:30 – Конькимен жүгіру (1000 м), әйелдер;

  • 23:00 – Шаңғымен трамплиннен секіру, ерлер.

10 ақпан:

  • 13:15 – Шаңғы жарысы (скиатлон), әйелдер мен ерлер;

  • 14:30 – Шорт-трек (500 м), әйелдер; аралас эстафета және 1000 м, ерлер;

  • 15:15 – Фристайл-могул, ерлер (іріктеу);

  • 17:30 – Биатлон (20 км), ерлер;

  • 18:15 – Фристайл-могул, әйелдер (іріктеу);

  • 22:30 – Мәнерлеп сырғанау, ерлер (іріктеу).

11 ақпан:

  • 14:00 – Шаңғы қоссайысы, ерлер;

  • 18:15 – Фристайл-могул, әйелдер (іріктеу);

  • 18:15 – Биатлон (15 км), ерлер.

12 ақпан:

  • 14:00 – Фристайл-могул, ерлер (іріктеу);

  • 15:30 – Тау шаңғысы, әйелдер;

  • 18:00 – Шаңғы жарысы, әйелдер (іріктеу);

  • 20:30 – Конькимен жүгіру (5000 м), әйелдер.

13 ақпан:

  • 00:15 – Шорт-трек (500 м әйелдер, 1000 м ерлер);

  • 15:45 – Шаңғы жарысы (10 км), ерлер;

  • 18:00 – Биатлон (10 км спринт), ерлер;

  • 21:00 – Мәнерлеп сырғанау, ерлер (жекелей).

14 ақпан:

  • 14:00 – Тау шаңғысы, ерлер;

  • 14:30 – Фристайл-могул (жұптық могул), әйелдер;

  • 16:00 – Шаңғы жарысы (эстафета), әйелдер;

  • 18:45 – Биатлон (7,5 км спринт), әйелдер;

  • 20:00 – Конькимен жүгіру (командалық жарыс), әйелдер;

  • 21:00 – Конькимен жүгіру (500 м), ерлер;

  • 22:45 – Шаңғымен трамплиннен секіру, ерлер.

15 ақпан:

  • 01:00 – Шорт-трек (1000 м), әйелдер;

  • 14:00 – Тау шаңғысы, әйелдер;

  • 14:30 – Фристайл-могул (жұптық могул), ерлер;

  • 15:15 – Биатлон (12,5 км), әйелдер;

  • 18:45 – Биатлон (10 км), әйелдер;

  • 21:03 – Конькимен жүгіру (500 м), әйелдер.

16 ақпан:

  • 14:00 – Тау шаңғысы (слалом), ерлер;

  • 15:00 – Шорт-трек (1000 м әйелдер, 500 м ерлер);

  • 23:00 – Шаңғымен трамплиннен секіру (командалық жарыс), ерлер.

17 ақпан:

  • 14:00 – Шаңғы қоссайысы (үлкен трамплин);

  • 14:45 – Фристайл-акробатика, әйелдер (іріктеу);

  • 17:30 – Фристайл-акробатика, ерлер (іріктеу);

  • 18:52 – Конькимен жүгіру (командалық жарыс), әйелдер;

  • 22:45 – Мәнерлеп сырғанау, әйелдер (жекелей).

18 ақпан:

  • 13:45 – Шаңғы жарысы (командалық спринт), әйелдер мен ерлер;

  • 14:00 – Тау шаңғысы (слалом), әйелдер;

  • 15:30 – Фристайл-акробатика, әйелдер (финал).

19 ақпан:

  • 00:15 – Шорт-трек (500 м ерлер, ширек финал);

  • 01:24 – Шорт-трек (500 м ерлер, финал);

  • 15:30 – Фристайл-акробатика, ерлер;

  • 23:00 – Мәнерлеп сырғанау, әйелдер (жекелей).

20 ақпан:

  • 18:15 – Биатлон (масс-старт), ерлер;

  • 20:30 – Конькимен жүгіру (1500 м), әйелдер.

21 ақпан:

  • 00:15 – Шорт-трек (1500 м), әйелдер;

  • 14:45 – Фристайл-акробатика (аралас командалар);

  • 15:00 – Шаңғы жарысы (50 км масс-старт), ерлер;

  • 18:15 – Биатлон (масс-старт), әйелдер;

  • 19:50 – Конькимен жүгіру (масс-старт), әйелдер;

  • 21:15 – Конькимен жүгіру (масс-старт финал), әйелдер.

22 ақпан:

  • 14:00 – Шаңғы жарысы (50 км масс-старт), әйелдер;

  • 00:00 – Жабылу салтанаты.

Сайыстың ашылу салтанаты Милан қаласындағы әйгілі «Сән-Сиро» футбол стадионында өтеді. 2026 жылғы қысқы олимпиада ойындарында 116 медаль сарапқа салынады. Жалпы сайысқа әлемнің 93 мемлекетінен 3 500-ден аса спортшы қатысады. Италияға Қазақстаннан 36 спортшы бара жатыр.

Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығына жоспарланып отыр.

Еске салайық, Қазақстанның туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың Италияда өтетін қысқы олимпиада ойындарында киетін формасын таныстырған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да