Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

“Әр масаға 1 теңгеден бөле ме?”. Павлодар облысында масамен күресуге 13 млрд теңге бөлінген

Иллюстрация: Dribbble.com ©Enisaurus

Не болды?

Павлодар облысында маса секілді қансорғыш жәндіктерді улауға 13,6 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстандағы ақшаның қайда, қашан келіп-кетіп жатқаны туралы хабарлайтын Protenge басылымы азаматтарды кейінгі конкурстарды бақылауға шақырды. Өйткені, ақпаратқа қарағанда, Павлодар облысындағы маса секілді қансорғыш жәндіктерді улау үшін алғашқы конкурссыз 13,6 миллиард теңге бөлінген.

Павлодар облысы, конкурс
Фото: Protenge telegram

«Әр масаға 1 теңгеден бөле ме?»

Бұл ақпаратқа азаматтар мынандай пікір қалдырыпты:

  • «сонда әр масаға 1 теңгеден бөле ме?»;
  • «10 000 инелікті жіберсе, бәрін тегін жеп қояды»;
  • «назар аударып қарасаңыз бұл дегеніміз 26 миллион АҚШ доллары ғой!..»;
  • «2020 жылы 400 миллион, 2021-2023 жылдары әр жыл сайын 600 миллионнан жұмсалды. 2024-2026 жылдарға 7,8 миллиард (немесе жылына 2,6 миллиард) бөлінді. Ақпарат ашық дереккөзде тұр. Ал қазір 13,6 миллиард дейсіз ғой… Ауқымы кең. Біреудің кезекті тұзағы десеңдерші…».

Мақалаға реакция