Павлодар облысында көпір зақымданып, жол қозғалысы тоқтады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жариялады.

2026 жылғы 30 қаңтар күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында көктайғақ пен қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар жол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Атап айтқанда, шектеу келесі бағыттарда енгізілді:

  • «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық автожолының 338–632-шақырым аралығы (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы);

  • осы жолдың 632–718-шақырым аралығы (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы).

Сонымен қатар Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында да қозғалысқа шектеу қойылды. «Қалқаман» жол айрығы учаскесінде көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Жол қызметтері жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, жолға шықпас бұрын ресми ақпарат көздерін қадағалауға кеңес береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да