Нұрайдың қазасы: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қайта сараланып, бірден үш ауыр бап бойынша айып тағылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тергеу мәліметінше, күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыс «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» ретінде бағаланып отыр. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Күдіктіге Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің:

  • 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру,

  • 125-1-бабы – некеге мәжбүрлеу,

  • 115-1-бабы – сталкиң бойынша айып тағылды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Шымкент қаласында Толеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында аса қатыгез қылмыс жасалды. Пышақ жарақатынан 21 жастағы бойжеткен қаза болды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бойжеткенді өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.

Қылмыстық істің тергелуін ішкі істер министрлігі өз бақылауына алды.