Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, тараптар кейінгі жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттарын талқылады. Кездесуде сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
