«Туған жер» бағдарламасының жүзеге асыру барысы талқыланды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мəліметі бойынша алқалы жиынға қоғамдық бiрлестiктердiң, саяси партиялардың, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi, БАҚ және мемлекеттiк органдардың басшылары қатысы.

Облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы, А. Мысырәлимованың айтуынша, жобаның негiзгi концепциясы 4 блоктан тұрады, олар бiлiм, аймақтық мәдениет, кәсiпкерлердi қолдау және бағдарламаның iске асыру барысын бұқараға  жеткiзу. Сондай-ақ А. Мысырәлимова бүгiнгi күнi «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс тобы құрылып, оның құрамына, қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени орталықтардың және бизнес өкiлдерi бар екенiн атап өттi. Жұмыс тобының басшысы болып, облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Нұркенов және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ ректоры Ә. Әбжапаров болып бекiтiлдi.

Өз кезегiнде аймақ басшысы, бағдарламаны өңiрде жүзеге асыру жұмысында мамандардың қатарын арттырып, мәселен, бұл төңiректе әлеуметтiк желiлерiң белсендiлерiн тартуды тапсырды.

Бұдан басқа жиында қатысушылар назарына «Туған жер» бағдарламасын облыста жүзеге асыру мақсатында орындалатын iс-шаралар жоспары ұсынылды. Аталған жоспар, 150 ден астам iс шараны қамтиды, атап айту керек, мұнда облыстағы тарихи –мәдәни жәдiгерлер, туризм нысандары, табиғи қорықтар тiзiмiн және ақпараттарды бiр жерде шоғырландыратын танымдық интертен портал құру мiндетi де қарастырылған.

Пiкiр алмасу кезiнде Ш. Уәлиханов атындағы КМУ университетiнiң ректоры Ә. Әбжапаров аймақтағы мәдени — тарихи жәдiгерлердi сақтап, киелi- қаисиеттi мекендердi зерттеп, зерделеп, оларды таныту мақсатында ақпараттандыру аясын кеңейтудi, оларды одан әрi зерттеудi ұсынды. Аталған бағдарлама аясында бұл тұрғыда жұмыс iстеуде университет ғалымдары, ұстаздары мен студенттерi дайын екенiн жеткiздi.

Жиын қортындысында, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысатын жұмыс тобы құрамындағы «Жоба офис», «Басқаратын» және «Сараптама» топтарының құрамы бекiтiлдi.