Қазақстандық рейстерге Иранның үстімен ұшуға тыйым салынды

Қазақстан Иран әуе кеңістігі арқылы рейстерге уақытша тыйым салды. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі хабарлап отыр.

Ведомствоның ресми мәліметінше, бұл шешім аймақтағы қауіпсіздік қатерлерінің күшеюіне байланысты қабылданған.

ҚАӘ хабарлауынша, қазақстандық әуе тасымалдаушылары барлық рейсті Иран әуе кеңістігін айналып өтетін балама бағыттармен орындайды. Ерекше жағдайларда ғана арнайы өкім арқылы шектеуден тыс шешім қабылдануы мүмкін.

Жағдай Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тұрақты бақылауында. Аймақтағы ахуал өзгерген жағдайда қосымша шаралар қабылданады, – делінген хабарламада.