Екібастұзда бір класта оқыған 2 жасөспірім өзіне қол салды

Екібастұзда 17 жастағы ұл мен қыздың өз-өзіне қол салуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, әр дерек жеке қаралып жатыр. Тергеу барысында жасөспірімдердің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қайғылы жағдайлар әртүрлі уақытта орын алғанымен, марқұмдардың бір-бірімен бұрыннан таныс болғаны белгілі болды.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сауле Шакенева жасөспірімдердің 2008 жылы туғанын, әлеуметтік жағдайы жақсы, толық отбасыларда тәрбиеленгенін айтты.

Ұл бала Екібастұздағы мектептердің бірінде 11 класта оқыған, ал қыз жергілікті колледждің бірінші курс студенті болған. Алдын ала деректер бойынша, әрқайсысы өз үйлерінде өз-өзіне қол жұмсаған. Оларды жақын туыстары тауып алған. Жасөспірімдер бұрын бір класта оқып, достық қарым-қатынаста болған. Оқу орындарында буллиң фактілері тіркелмеген, сонымен қатар олар психологтардың бақылауында болмаған және арнайы есепте тұрмаған, — деді уәкіл.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, қыз баланың қазасы жасөспірім ұлдың өлімінен кейін екі күн өткен соң болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да