Енді шетел азаматтары Қазақстанда суррогат ана жалдай алмайды

Қазақстан үкіметі «Неке және отбасы туралы» кодекске өзгеріс енгізу арқылы шетел азаматтарына Қазақстанда суррогат ана жалдауға тыйым салуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы депутаттардың сауалына жауап берген вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты.

Қазіргі заңнама бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтары да, шетел азаматтары да суррогат анаға тапсырыс бере алады. Алайда кейінгі жылдары халықаралық деңгейде суррогат ана болуға қатысты жанжалдар көбейген.

Осыған байланысты, денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген өзгерістер бойынша, суррогат ана болу қызметтері тек Қазақстан азаматтарына ғана қолжетімді болады. Құжат қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да