Тоқаев Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бас прокуратураға тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза болған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты пікір айтты.

Біздің мемлекетіміз құқық пен бостандыққа, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне негізделген. Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елдің назарын аудартты. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш түсті. Тексеру барысында күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей қоқан-лоқы жасағаны анықталды, және бұл жағдай ақыры адам өліміне әкеп соқты. Осыған байланысты ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің ісіне құқықтық баға беруді тапсырды, ал бас прокуратура бұл мәселені мұқият тексеріп жатыр, –  деді президент.

Еске салайық, Шымкент қаласында Толеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында аса қатыгез қылмыс жасалды. Пышақ жарақатынан 21 жастағы бойжеткен қаза болды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бойжеткенді өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.

Қылмыстық істің тергелуін ішкі істер министрлігі өз бақылауына алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да