19 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 қаңтардағы Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысы, солтүстігі және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасын мен боран соғады.

Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысының шығыс бөлігінде қатты аяз -40°C дейін сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C аралығында төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз -22°C болады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс аудандарында түнгі уақытта өте қатты аяз -45°C дейін жетеді. Бұл өңірлерде ауа райы ерекше төмен температурамен сипатталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да