АҚШ бірқатар ел азаматтарынан виза алу үшін кепілдік жарна талап етеді

Не болды?

АҚШ визасын алу үшін енді бірнеше мемлекет азаматтары талап бойынша кепілдік жарна төлеуге міндетті. Бұл туралы АҚШ мемлекет департаменті хабарлап отыр.

Мәлімет

Жаңа ереже кей елдер үшін 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Виза алу үшін кепілдік төлеуі керек елдер: Алжир, Ангола, Антигуа, Барбуда, Бангладеш, Бенин, Бутан, Жаңа Зеландия, Бурунди, Кабо-Верде, Орталық Африка Республикасы, Кот-д’Ивуар, Куба, Жибути, Доминика, Фиджи, Габон, Гамбия, Гвинея, Гвинея-Бисау, Қырғызстан, Малави, Мавритания, Намибия, Непал, Нигерия, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Тәжікстан, Танзания, Того, Тонга, Түрікменстан, Тувалу, Уганда, Вануату, Венесуэла, Замбия және Зимбабве.

Иммиграция және азаматтық туралы заңға сай, B1/B2 визасына үміткер осы елдердің азаматтары 5 000-нан 15 000 долларға дейінгі көлемде кепілдік жарна төлеуге тиіс. Нақты сома виза сұхбаты кезінде айтылады. Алайда ақша төлеу виза алуға кепілдік бермейді.

Кепілдік жарна төлегендер АҚШ-қа:

  1. Бостон Логан (BOS);
  2. Нью-Йорктегі Жон Ф. Кеннеди (JFK);
  3. Уашиңтон Даллес (IAD) әуежайлары арқылы ғана ұшып барып және ұшып кете алады.

Қандай кезде жарна қайтарылады?

  • Виза берілмегенде;
  • азаматтың АҚШ-тан уақытылы кеткенде;
  • елге кіруден бас тартқанда;
  • виза мерзімі аяқталғанда, кепілдік жарна қайтарылады.

Контекст

Естеріңізге салайық, АҚШ қатерлі ісік, семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға виза бермейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да