Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

АҚШ диагнозы бар азаматтарға виза бермейді

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Не болды?

АҚШ қатерлі ісік, семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға виза бермейді. Бұл туралы The Washington Post газеті хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекет хатшысы Марко Рубио осындай құжатқа қол қойды. Құжатта виза қызметкерлері өтініш берушілердің денсаулығын ескеру керек делінген. Себебі бұл ауруларды емдеуге жүздеген мың доллар қажет болуы мүмкін.  

Медициналық критерилерден басқа, консулдық қызметкерлер өтініш берушілердің жасын, отбасында асырайтын адам санын, кез келген ерекше қажеттігін немесе мүгедектігін ескеру керек деген. 

Бұл — 100 жылдан бергі тәжірибе. Ол шетел азаматтарының америкалық салық төлеушілерге қаржылық ауыртпашылық түсіргенін қаламаймыз, — Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Естеріңізге салайық, АҚШ-та виза мерзімін асыра пайдаланғандар тексеріледі.

Мақалаға реакция