18 мамырға арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қызылорда облысының  кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді,  екпіні шаңды дауылмен 23 м/с болады, бұршақ  жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы  18 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде  Шығыс Қазақстан облысында жел тұрып,  жыдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман  түсуі мүмкін.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік жүреді.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

ДереккөзInform.kz