Бір жыл ішінде мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты. Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.
Бұл туралы ҚР президентінің көмекшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында жазды.
Президент биыл Ресейге, АҚШ-қа, Түрікменстанға екі рет барды.
Бір жыл ішінде мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты. Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге бес ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 мәрте жұмыс сапарымен барды, — деп жазды Руслан Желдібай.
