АҚШ президенті Тоқаевқа сыйлық жолдады

Не болды?

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Оның айтуына қарағанда, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырған. Содан кейін екеуі аз-кем әңгімелескен.

Трамптың Тоқаевқа берген сый-сыяпаты

Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады, — деп жазды Руслан Желдібай.

Трамптың Тоқаевқа берген сый-сыяпаты
Фото: Руслан Желдібай

АҚШ президенті мемлекет басшысына жолдаған сыйлықтардың ішінде Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.

Контекст

Естеріңізге салайық, Тоқаев пен ТМД басшылары Эрмитажды аралады.

Трамп әр Америка азаматына 2000 доллардан төлейді.