Аққан жұлдыз: Батырхан Шүкенов (1962-2015)

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамыр күні Қызылорда қаласында дүниеге келген (28 сәуір 2015, Мәскеу, Ресей) — қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетті. Алғаш танымалдылығы да сол топ арқылы келген.

 12 жасында «Артек» пионер лагерінде ән байқауына қатысып, Батырхан 1-орын алады. Осыдан бастап оның музыкаға деген қызығушылығы оянады.

1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған.

1981 жылы Шүкенов Алматыдағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысты.

Батырхан Шүкенов – Қазақстан және Ресей эстрадасында өзіндік орнын қалыптастырып кеткен талант иесі. Ол ел есінде өзінің жарқын жүзімен, жүрек тебірентер әндерімен қалды. Саксофонда ойнап, продюсерлік қырымен де танылды. Оның қайталанбас таланты талай жасқа үлгі.

1982 жылы консерваторияның студенті бола тұра Батырхан Алматыда Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич пен Болат Сыздыков секілді музыканттармен танысты. Кейін музыканттар Батырханды өз музыкалық топтарында саксофонист болуға өтініш білдірді. Арай тобы Роза Рымбаеваға аккомпонемент жасауымен Қазақстанға танымал ансамбль еді. Ұжымның құрамында Батырхан инструменталдық джаз композицияларын орындай жүріп, өзін альт- және тенор-саксофон виртуозы ретінде көрсетті.

1983 жылы Батырхан Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды.

батырхан

1985 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясындағы білімін аяқтады.

1985-1986 жылдары аралығында ол Совет Армиясы қатарында әскери қызметін атқарады. Мұнда да оркестр құрамында музыкамен шұғылдануды жалғастырады.

1987 жылы музыканттар «Арай» ансамблі құрамында өз шығармашылығының шектеулі екенін сезініп, Роза Рымбаеваға сүйемелдеуден бас тартады. Кейін музыканттар «Алма-Ата» тобын құрады. Топтың құрамында Батырхан саксофонда ойнаумен қатар, вокалмен айналыса бастайды. Бір жылдан соң топ «Мелодия» фирмасында өзінің алғашқы альбомын «Путь без остановок» (8 әннің барлығын Шүкенов орындайды) жарыққа шығарып, топтың атауын «Алма-Ата Студиоға» ауыстырады.

Батырхан

1988 жылы «Джулия» хитін халыққа паш ектен А’Студио тобының фронтмені болып сайланады. Алла Пугачева бірден топпен танысып, оларды Қазақстаннан Мәскеуге шақырады. Кейін А’Студио бүкіл елге танымал болып, атағы шығады. Тығыз гастрольдық кестелер, пластинка жазылымдары, Батырдың орындауындағы жаңа әндер. А’Студио жиі Мәскеуде көпшілік алдына шығып, сахнада өнер көрсеткендіктен, ол Ресейлік топ болып саналды. Музыканттар Алла Пугачеваның Ән Театрында 1989-1994 жылдар аралығында жұмыс жасады.

2013 жылы Батырханның соңғы альбомы «Душа» шығады және «Россия-1» телеарнасындағы «Живой звук» телебағдарламасының жеңімпазы атанды.

2015 жылы әртіс «Россия-1» телеарнасындағы «Один в один!» музыкалық бағдарламасына қатысты.

БАТЫРХАН
Батырхан баласы Мақсұтпен

«A`Studio» тобының құрамында және жеке шығармашылығы 

  • «Путь без остановок» — 1988, «Мелодия» фирмасы
  • «Джулия» — 1990, «Русский диск»
  • «A`СТУДИО» — 1993, «Jeff Records»
  • «Солдат любви» — 1994, «Союз» студиясы
  • «A`STUDIO LIVE» — 1995, «Союз» студиясы
  • «Нелюбимая» — 1996, «Союз» студиясы
  • «The Best» — 1997, «Союз» студиясы
  • «Грешная страсть» — 1998, «ОРТ-Рекордз»
  • «Отан ана» — 2002
  • «Батыр Live» — 2007
  • «Осторожно, милая девушка!» — 2010
  • «Всё пройдёт…» — 2010
  • «Душа» — 2013