Президенттің өкімімен Азамат Кескінбаев жаңа қызметке тағайындалды

Азамат Кескінбаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.