Apple компаниясы ноутбуктың жаңартылған үш нұсқасын шығарады

Bloomberg агенттігінің жазуынша, жаңа модельдер ішінде: Intel құрылғыларын жасаушының Kaby Lake жылдам процессорымен жасақталған MacBook Pro, экраны 12 дюйм MacBook-тің жаңартылған түрі, экраны 13 дюйм және жаңа процессорлы MacBook Air құрылғылары бар.

Apple және Intel бұл ақпарат бойынша ешқандай мәлімдеме жасамады.

Айта кетейік, Apple компаниясының жылдық табысының 11%-ы Мас компьютерлеріне тиесілі (216 миллиард доллар). iPhone сатылымы жылдық табысының үштен екісіне тең.

ДереккөзTengrinews.kz