Трамп әр Америка азаматына 2000 доллардан төлейді

Не болды?

АҚШ президенті Доналд Трамп әр Америка азаматына 2000 доллардан төлейді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social желісінде жазып отыр.

Мәлімет

Ол ақшаны кедендік баж салығынан түскен қаражат есебінен төлеуді жоспарлап отыр. Табысы жоғары адамдар бұл ақшаны алмайды. Доналд Трамптың сөзіне қарағанда, АҚШ баж салығынан триллиондаған доллар табыс тауып отыр.

Кедендік баж салығына қарсы шыққандар – ақымақтар. Біз әлемдегі ең бай әрі құрметке ие елміз. Инфляция шамамен нөлге тең, қор нарығындағы акция бағасы рекордтық деңгейге жетті. АҚШ-қа рекордтық инвестициялар келіп жатыр, бүкіл ел бойынша зауыттар мен фабрикалар артып келеді, — деп жазды ол Truth Social желісінде.

Контекст

Естеріңізге салайық, Доналд Трамп Қазақстан тауарларына 25% баж салығын салған еді. Бұл жаңалыққа ҚР сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да