Не болды?
«Орталық Азия – Жапония» саммитінде Токио декларациясы қабылданды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстан президентінің Жапонияға жасаған сапары аясында жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларынан асатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.
Саммит қорытындысы ретінде Токио декларациясы қабылданды. Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті. Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Жапония премьер-министрі келесімімен келесі саммит Қазақстанда өтеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Тоқаевтың Токиоға сапары жапон медиасында кеңінен талқыланды.
Астана мен Токио өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Анықтама
Токио декларациясы — Қазақстан мен Жапония мемлекеттері Токиода қабылдаған саяси-маңызды құжат. Ол тараптардың ортақ ұстанымдарын, мақсаттарын, ынтымақтастық бағыттарын және алдағы әрекеттерін бекітеді.
