Басты бет / Жаңалықтар /
Желтоқсан құрбандары
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Желтоқсан құрбандарына тағзым жасалды

Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарына арналған еске алу жиындары өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараға желтоқсан қатысушыларымен бірге қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында тәуелсіздік жолында жанын қиған жандардың рухына тағзым жасалып, құран бағышталды, сонымен қатар ескерткіш алдына гүл қойды. Сонымен қатар қала аудандарында арнайы ас беріліп, Желтоқсан қатысушыларына құрмет көрсетілді.

Желтоқсаншы, «1986 жыл. Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Байнияз тәуелсіздік — сол кездегі жастардың басты арманы болғанын атап өтті.

Желтоқсанның басты мақсаты орындалды – еліміз тәуелсіздік алды. Қазір біз дербес мемлекетпіз. Біздің қоғамдық бірлестіктің төсбелгісінде Желтоқсан күні мен сол тарихи жыл бейнеленген. Ондағы мақсатымыз – бұл оқиғаның ұмытылмауы, жастарға үлгі болуы. Біз үшін ең қымбат құндылық – тәуелсіздік, — деп қорытты ол.

Бұл тарихымыздағы тәуелсіздікке бастар жолдағы маңызды кезеңдердің бірі. Мұндай тағзым іс-шаралары ұлт жадын жаңғыртып, жас ұрпаққа тарихи сабақтастықты насихаттайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram