Мамырда бағаның күрт қымбаттауы күтілуде

«Халықтың келесі 12 айда баға өсуіне қатысты күтулері наурызбен салыстырғанда шамамен өсті. Бір жылдан кейін инфляцияның деңгейін 10%-дан жоғары бағалайтындардың үлесі біршама өсуіне қарамастан, баға өсіміне 10%-дан кем бағалайтындардың үлесі пікіртерім өткізудің басынан бері (2016 жылғы қаңтар) жоғарғы деңгейде тұр. Болашақтағы инфляцияны 6-10%-дық аралықта бағалайтындардың үлесі 23%-дан 28%-ға дейін өскенін атап ерекше өткен жөн», делінген ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламада.

Сәуірде халық арасында инфляциялық күтулерді бағалау бойынша жүргізілген пікіртерімнің нәтижелері бойынша. қабылданатын жылдық инфляция және өткен айдағы инфляция тұрақты деңгейді сақтады.

Пікіртерімге қатысушылар инфляцияның негізгі көзі ретінде тамақ өнімдері бағасының өсуін атап өтеді.

ДереккөзNaryk.kz