Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер барады?

Не болды?

3–13 желтоқсанда Дубайда бокстан әлем чемпионаты IBA нұсқасы бойынша өтеді. Чемпионатқа Қазақстан атынан 13 спортшы қатысады.

Мәлімет

Чемпионатта 13 салмақ дәрежесі белгіленген. Бас жаттықтырушы — Қайрат Сәтжанов. IBA әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын құрама тізімі мынадай:

  • Теміртас Жүсіпов (48 келі);
  • Даниял Сәбит (51 келі);
  • Сәкен Бибосынов (54 келі);
  • Оразбек Асылқұлов (57 келі);
  • Серік Теміржанов (60 келі);
  • Ертуған Зейнулинов (63,5 келі);
  • Санатәлі Төлтаев (67 келі);
  • Абылайхан Жүсіпов (71 келі);
  • Сабыржан Аққалықов (75 келі);
  • Ерасыл Жақпеков (81 келі);
  • Дәулет Төлемісов (86 келі);
  • Нұрмагамед Юсупов (92 келі);
  • Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары).
Бокстан әлем чемпионатына баратындар
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Контекст

Естеріңізге салайық, Ливерпулда бокстан әлем чемпионаты өткен еді. Қазақ боксшылары топтық тізімде бірінші орын алды.

Геннадий Головкин World Boxing президенті болды. Ол — тарихта халықаралық спорт ұйымын басқаруға тағайындалған алғашқы Қазақстан азаматы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да