4 желтоқсанда Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді. Биыл Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқыламақ.
