4 желтоқсанда Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.