Алматыда тағы бір фельдшер қайтыс болды

Алматыда 23 жастағы фельдшер жол апатынан қаза болды.

Жол апаты 2 желтоқсанда Алматының Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем мен Kia көлігі соқтығысқан.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, жедел жәрдем бұрылған сәтте Сайын көшесімен келе жатқан көлік жедел жәрдемді соққан.

Жол апатынан көліктегі адамдар жарақат алып, 23 жастағы фельдшер ауруханада қайтыс болған.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанадағы 9 қабатты үйдің кірпіштен жасалған қаптамасы құлап, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері барған. Қызметкерлер жапа шеккендерге медициналық көмек беріп жатқан сәтте олардың үстіне кондиционер құлап кеткен. 23 жастағы Ұлдана Мырзуан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда ол 10 күннен кейін қайтыс болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да