Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады

Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады. Антициклон әсерінен республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек солтүстік және шығыс өңірлерде фронтальды бөліктермен кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтеді. Алайда антициклонның суық ауа массаларымен толығуы елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде термометр бағандары минус 8-13°С дейін, ал оңтүстік жартысында минус 2-7°С дейін төмендейді, – делінген хабарламада.

Мақалаға реакция