Тайландтан есірткі әкелген студент 15 жылға сотталды

Бас көлік прокуратурасы Тайландтан есірткі заттарын Қазақстанға жеткізіп, оларды тарату әрекеті үшін студентке қатысты сот үкімін жариялады.

Прокурорлардың мәліметінше, оқуынан шеттетілген студент аса ірі мөлшерде есірткі заттарын Тайландтан Қазақстанға жеткізіп, оларды қоғамдық орындарда жасырып өткізу арқылы бірнеше рет таратуға қатысты қылмыс жасады.

Сот айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да