Тайландтық лоукостер Алматы-Бәңкок рейсін ашады

Не болды?

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, Thai Air Asia X компаниясының Airbus A330 ұшағы Алматы-Бәңкок арасында ұша бастайды. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев Thai Air Asia X компаниясының бас атқарушы директоры Пәттра Бузарауоңсемен кездескенінде белгілі болды.

Мәлімет

Тайланд ұшағы Алматы-Бәңкок бойынша аптасына төрт рет ұшады.

Thai Air Asia X компаниясы Алматыдан Берлин және Манчестер қалаларына Қазақстанның «ашық аспан» режимінде  «әуе еркіндігінің» 5-ші дәрежесімен рейс орындауға қызығушылық танытты.

Естеріңізге салайық, биылғы 7 сәуірден бастап Алматы-Инчхон тікелей рейсі іске қосылған еді.

Ал сәуір айында «Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылды.

Анықтама

Thai Air Asia X – Жапонияға, Кореяға, Үндістанға, Аустралияға, Иранға, Оманға және басқа елдерге орта және ұзақ мерзімді халықаралық рейстер орындайтын Тайланд әуе компаниясы. Әуе компаниясының паркінде тоғыз Airbus A330 ұшағы бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да