Боран, көктайғақ және қатты жел үш республикалық және екі облыстық жол учаскесінің уақытша жабылуына себеп болды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бекеттер ұйымдастырып, жол жағдайын бақылауды жалғастырып, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу пунктеріне 52-ден астам адам, оның ішінде төрт бала жеткізіліп, орналастырылды.
