Абай облысында қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды

Абай облысында тұтыну кооперативі түрінде жасырылған ELL QUATY қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап отыр.

Ұйымдастырушылар азаматтарды HALYK QUATY кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендірген және пайлық жарналарды енгізуді ұсынған.

halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, «Әр отбасыға бақыт!» деген ұранды пайдаланып, «халықтық кооператив» деген жалған бейне қалыптастырған. HALYK тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы ELL QUATY болып өзгертілген, — делінген хабарламада.

Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар өткізген, соның ішінде «Солнечная Турция» туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.

Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына QAZ INFO MARKET ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.

Пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 миллиард теңге қаржы құйған.️ Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да