Қытайдың Хоңкоң қаласында өткен байдарка және каноэден Азия чемпионатының марафоны өз мәресіне жетті.
Бұл туралы спорт және туризм министрлігі хабарлап отыр.
Үш күнге созылған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте бес алтын, бір күміс және екі қола жеңіп алды. Қазақстан қоржынындағы жүлделер:
Татьяна Токарницкая (байдарка):
-
3400 м – алтын
-
20 км – алтын
-
500 м – алтын
-
200 м – алтын
Тимофей Емельянов (каноэ):
-
3400 м – күміс
-
16 км 800 м – алтын
-
500 м – қола
-
200 м – қола
Хоңкоңдағы марафонға Қазақстан сапынан екі спортшы қатысқан. Іс-шараға Азияның 13 елінен 250-ге жуық ескекші жиналды. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі ұлттық құраманың Азия құрлығында бәсекеге қабілетті екенін тағы бір рет дәлелдеді.
