Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Әлия Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі болды. Бұл туралы ҚР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Әлия Шайзадайқызы Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ол 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін, І.Жүнсүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен бастаған.

2000–2001 жылдары Талғар қаласының медициналық мекемелерінде бас дәрігердің орынбасары;

2001–2005 жылдары — Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы;

2005–2009 жылдары Алматы облысы бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызмет;

2009–2010 жылдары — Қызылорда облысы бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментінің директоры;

2010–2011 жылдары — Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары;

2011–2012 жылдары — Алматы қаласы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің директоры;

2012–2015 жылдары Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒЗИ ғылыми хатшысы, инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі;.

2015–2018 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша медициналық қызметті бақылау және қоғамдық денсаулықты сақтау департаменттері басшысының орынбасары, басшысы;

2018 жылы — Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары;

2018–2022 жылдары — Нұр-сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да