Қостанай облысында ауа райына қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол хабарлап отыр.
«ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ деректері бойынша 19 қараша сағат 13:40 бастап ауа райының бұзылуына (тұман, көрінудің шектелуі) «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-218 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылы – Октябрьское ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 19 қараша сағат 17:00-де ашу жоспарланған, – делінген хабарламада.
