«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2025 жылғы 14 қарашада Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
