Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Айгүл Хожантаева

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылдың 13 қарашасында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция