Ақтауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам зардап шекті

Бүгін, 28 қазан күні таңертең Ақтаудағы тұрғын үйдің жертөлесінде газ баллон жарылып, бес адам ауруханаға түсті.

Бұл туралы «Лада» хабарлап отыр.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газ баллоны бүгін 28 қазан күні, таңғы сағат 09:03-те жарылған.

«Әсия» тұрғын үй кешеніндегі жертөледе баллон жарылған. Оқиға орнына 11 құтқарушы мен төрт техника келді, — делінген хабарламада.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарылыстан бес адам жараланған. Олардың екеуі —  бала.

2010 жылы және 2015 жылы туған екі бала ауруханаға түсті, — делінген хабарламада.

Жараланғанлардың денсаулығына қатысты әзірге ақпарат жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да